Отардағы әскери полигонда төтенше жағдай болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отардағы әскери полигонда төтенше жағдай болды © mod.gov.kz

Отарда "Гвардейский" әскери полигонында төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отарда "Гвардейский" әскери полигонында төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ангола командасындағы халықаралық әскери ойындарға арналған жаттығулар кезінде 120 миллиметрлік мина атқышы жарылған. Салдарынан бір әскери қызметкер ауыр жағдайда жатыр, ал қалғандары жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер Отар әскери базасындағы жекелеген медициналық жасаққа жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігіндегілердің айтуынша, алдын ала тергеу жұмыстары Ангола командасының 2Б11 мина атқышынан атыс жасаған кезде қауіпсіздік шараларының сақталмағанын көрсеткен.

"ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығы бойынша оның орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың басшылығымен комиссия құрылды. Оқас Сапаров қазір оқиға болған жерге істің мән-жайын анықтап, тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін кетті", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған дейін бас судья Лут Альчекенов 13 елден құралған командаларды техника қауіпсіздігі жайлы нұсқамамен таныстырған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети