27 мамыр 2021 12:41

Отарға барар жолда қашып кеткен маймылдарға қатысты оқиғаға түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Планета обезьян: Революция" фильмінен

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) маймылдардың қашып кеткені туралы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) маймылдардың қашып кеткені туралы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Институт мәліметі бойынша, 2020 жылдың шілдесінде мемлекеттік сатып алу келісіміне сәйкес мердігер тарап 6 ересек маймыл жеткізуі керек болған.

"Алайда жеткізуші шарттың орындалу кезеңінде тек екі маймылды әкелді. Шарт бойынша қалған төрт маймыл жеткізілмеді. Олар әртүрлі себептерге сілтеп, тасымалдау кезінде олардың жоғалып кеткенін айтты. Міндеттемені уақытында орындамау салдарынан шарт бұзылды. Бұл ретте мемлекетке және институтқа қаржылық залал келген жоқ", - деді БҚПҒЗИ өкілі.

Институт Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округінің Гвардейский кентінде орналасқан.

Бұған дейін маймылдардың қашып кеткені туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов мәлімдеген болатын.

"Оқиға былтыр күзде болған. Біздің жеткізушілер оларды Алматыдан алып келе жатқан. Түнде жолда көлік бұзылып, дөңгелегі жарылып қалды. Дөңгелек ауыстырып жатқанда, олар қалай екені белгісіз тордан шығып кетіпті. Олар ақылды емес пе ... Екі күн бойы даладан іздедік, бірақ таба алмадық", - деді ол.

Бұл жолы Әбдірайымов оның сөздері "жеткізуші ұсынған ақпаратқа негізделгенін" айтты. Кейінірек QazVac вакцинасы Сочиден әкелінген басқа маймылдарға сыналған.

Айта кетейік, ғалымдар маймылдарға қазақстандық вакцинаны қолданғаннан кейін иммунитеттің ұзақтығын тексерді. Зерттеушілердің айтуынша, алғашқы екпе алған маймылдардың иммунитеті 9 айдан аса уақытқа сақталып тұр. Олар зерттеу нәтижесінде ешқайсы зардап шекпегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети