Қазақстанда отбасы істері жөніндегі министрлік құрылуы керек. "Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы, ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшесі Зүлфия Байсақова осындай ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келешекте бізге отбасы істері, демографиялық және әлеуметтік саясат жөніндегі министрлік құру мәселесін қарастыру керек шығар", - деді Байсақова Парламент Мәжілісінде балалар құқықтары мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында.
Ол қазіргі уақытта жергілікті билік органдарының кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық мәселелерімен үш өкілетті орган арқылы айналысып отырғанын қынжылып айтты, олар - білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ведомстволары. "Демек, бізде осылардың қызметін үйлестіретін орган жоқ", - деді Байсақова.
Дағдарыс орталықтары одағының басшысы елімізде балалар құқықтарын қорғаумен айналысатын мамандардың тапшы екенін де айтты. "Алматыны алатын болсақ, мұнда 332 мың бала бар, білім беру басқармасының жанында интернаттық мекемелер қамқорлығы жөніндегі бөлім жұмыс істейді. Алматыда тұрып жатқан балалардың 1568-і - жетімдер. Бірақ Алматының 7 ауданында бір-бірден маман, білім беру бөлімінде үш маман бар. Сонда бір қызметкерге 33 мың баланың құқығын қорғау міндеті жүктеледі", - дейді Байсақова.