07 қараша 2023 | 11:04

Өте қиын жыл болды - Смайылов астық пен астық сапасы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылғы ауыл шаруашылығы маусымындағы шаруалардың жұмысына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов 2023 жылғы ауыл шаруашылығы маусымындағы шаруалардың жұмысына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.

"Қолайсыз ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40 пайызға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті", - деді Әлихан Смайылов.

Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды.

"Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген", - деді премьер-министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

"Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети