30 қаңтар 2014 | 14:03

Өтембаев ісіне қатысты сотқа министр шақырылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарасай аудандық соты. ©Дмитрий Хегай Қарасай аудандық соты. ©Дмитрий Хегай

Өтембаев ісіне қатысты процесте судья Асқарбек Бейімбетов жоғары лауазымды шенеуніктерді шақыру туралы өтінішті қанағаттандырмады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Алтынбек Сәрсенбаев бірге өлтірілген азаматтар туыстарының өкілі Маржан Аспандиярова сотқа 2006 жылы осы іске қатысы болған лауазым иелерін сотқа куәгер ретінде шақыруды сұраған болатын. Атап айтқанда, олар: бүгінде Қазақстанның Литвадағы елшісі Бауыржан Мұхамеджанов және қазіргі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және басқалар. Аспандиярова кейін куәгер ретінде 2006 жылы Бас прокурор болған Рашид Түсіпбековті (қазіргі бас қаржы полицейі) де шақыруды сұрады. Сот өтініші қарап, тараптардың пікірін білгеннен кейін оны қанағаттандырмай тастады. "Аталған тұлғалар бұл іс бойынша бұрын жауап берген, олар істе бар", - деді судья. Еске сала кетейік, қазақстандық оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтың және оның жүргізушісі мен күзетшісінің денесі 2006 жылдың 13 ақпанында Алматы маңынан табылған болатын. Бұл қылмысты жасағаны үшін тоғыз адам түрлі деңгейдегі қатаң жазаға кесілді, соның ішінде, саясаткерді өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған Ержан Өтембаев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы Сәрсенбаевты өлтіру туралы тапсырманы орындаған Рустам Ибрагимовтың осы қылмысқа қатысты жаңа айғақтар бергенін мәлімдеді. Ибрагимов оппозиционерді өлтіруге Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев тапсырыс бергенін айтқан. Осыдан кейін Ержан Өтембаевқа қатысты істі қайта қарау басталды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети