Өтембаевтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты сот процесінің уақыты белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өтембаевтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты сот процесінің уақыты белгіленді Ержан Өтембаев сот залында. ©аzattyq.org

Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші бойынша сот отырысы өтетін күн белгіленді, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі туралы іс бойынша сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың қазан айының соңында мерзімінен бұрын босатылуға өтініш бере алатыны хабарланған еді. 

Мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөніндегі материалдар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жатыр. Сот отырысы 7 қараша күнгі сағат 15.00-ке белгіленді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Ержан Өтембаев 2006 жылы 20 жылға сотталған болатын. 2013 жылдың желтоқсан айында қылмысқа қатысты жаңа деректердің пайда болуына байланысты оның ісі қайта қаралды. Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін атқан Рустам Ибрагимов шын мәнінде саясаткерді өлтіруге кімнің тапсырыс бергенін айтты. Оның сөзінше, тапсырысты Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев берген. Сот Өтембаевтың ісін қайта қарап, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Осылайша, оның жаза мерзімі жеті жылға қысқарды.

Ибрагимов сотта операцияны Мұсаев жеке бақылауына алғанын айтты, ал Ержан Өтембаев сол кездегі жағдайдың құрбаны ғана болды. Іс материалдарына қарағанда, Өтембаев бұған дейін Ибрагимовке оппозиционерді ұрып-соғу туралы жоспарын айтқан болып шықты, мұны білген Әлиев пен Мұсаев жоспарды өзгерткен. Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлімінен соң Ержан Өтембаев түрмеге отырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети