Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне қатысты пікір білдірді Сурет: "Верный Капитал" компаниясы тобының баспасөз қызметінен

Танымал қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Ұлыбритания соты Болат Өтемұратовтың активтеріне қойылған шектеуді алып тастағаны хабарланған еді.

"Активтеріме қойылған шектеулерге қатысты ағылшын сотының шешімінің күші жойылғаны және БТА банкінің талап-арызын қайтарып алуы мені қанағаттандырды. Заңгерлер тобы қысқа мерзімде бұл іске қатысым жоқ екенін дәлелдеу мақсатында негізгі дәлелдерді жинау бойынша жұмыс жүргізді.

Мен компанияларымыздың жұмысы ашықтық қағидатына, заңды құрметтеуге және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне негізделгенін атап өткім келеді", - деді Өтемұратов.

"Мен үшін беделіме нұқсан келмеуі, адал болу әрқашан маңызды. Күрделі кезеңде мені қолдаған барлық адамға - менің отбасыма, достарыма, серіктестеріме, компания тобының ұжымдарына ("Верный Капитал") және бұл мәселеге бейжай қарамандарға алғысымды білдіремін", - дейді кәсіпкер.

Еске салайық, алғашында БТА банкіне қатысты талап арыз 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа жіберілген еді.

Кейін бұл істе жауап берушілердің тізімі кеңейіп, оған 2020 жылдың қарашасында Болат Өтемұратов пен оның бизнес құрылымында жұмыс істейтін бірқатар адам кірді.

Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды. Оған сәйкес банк өзінің талап-арызын қайтарып алуға міндетті болды.

Болат Өтемұратов - Forbes тізіміне кіретін қазақстандық кәсіпкерлердің бірі, қоғам қайраткері, Қазақстан теннис федерациясының президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети