Астанада 2017 жылы азаматтарға 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Астанада 2017 жылы азаматтарға 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Астанада жедел-профилактикалық "Борышкер-2018" іс-шарасы басталды.
"Дәл қазіргі таңда бізде "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұл салынған құқық бұзушылар мен алимент төлемегендерді анықтау. Операция "Сергек" жүйесі қосылған камера арқылы планшеттің көмегімен жүргізіледі", - деді Астана ІІД әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ташмұхамбетов.
Оның айтуынша, 2017 жылы 300 мың әкімшілік айыппұл салынған, яғни 58 пайызы өндірілген.
Әкімдіктегілер "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасының 16 қаңтардан 19 қаңтарға дейін прокуратура, жекеменшік сот орындаушылары мен полиция инспекторларының қатысуымен өткізілетінін айтты.
"Өткізіліп жатқан іс-шараның басты жаңашылдығы, электронды планшетті қолданудың арқасында, әкімшілік айыппұлын өтемеген азаматтарды анықтап, мәжбүрлі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартып болмаса көлік құралына дейін айыппұл салмақ", - дейді әкімдік өкілдері.