10 наурыз 2015 16:24

Өткен жылы Қазақстанда 246 мыңға жуық көпбалалы анаға жәрдемақы төленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©baikal24.ru ©baikal24.ru

Қазақстанда өткен жылы 246 мыңға жуық көпбалалы анаға жәрдемақы төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы төрт және одан да көп баласы бар аналар мен көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 55,2 миллиард теңге бөлінді.

"Мемлекеттік марапатқа ие болған көпбалалы аналарға төленген жәрдемақының мөлшері 2014 жылы 11 853 теңге болды. Мемлекеттік қолдаудың мұндай түрін ай сайын 245,8 мың әйел алып отырды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы кәмелет жасына жетпеген, бірге тұратын төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға да жәрдемақы төленді, төленген ай сайынғы жәрдемақының мөлшері - 7 705 теңге. Мемлекет тарапынан мұндай қолдау 220,1 мың отбасыға көрсетілді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети