©Даниал Оқасов
Өткен тәулікте еліміздің көлік жолдарынан 24 адам құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "16 ақпан күні сағат 10.05-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру қызметі Үшарал - Достық әкімшілік тас жолының 82-шақырымынан 3 жүк көлігін (3 адам) қар құрсауынан шығарды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. 16 ақпан күні сағат 00.30-да Ақтөбе облысында Ақтөбе - Астрахань тас жолының Байғанин ауданындағы Ноғайты елді мекені тұсында төрт автокөлік құтқарылды, оларда 13 адам болған. Ақтөбе облысының Темір ауданында қар құрсауынан сегіз адам құтқарылды. "Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдіктің басқа да мамандары Шұбарқұдық - Ақсай әкімшілік жолында тұрып қалған микроавтобусқа көмекке барды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - дейді мамандар. Айта кетейік, мұның алдында метеорологтер еліміздің солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жел күшейіп, боран болатынын ескерткен еді.
Өткен тәулікте еліміздің көлік жолдарынан 24 адам құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"16 ақпан күні сағат 10.05-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру қызметі Үшарал - Достық әкімшілік тас жолының 82-шақырымынан 3 жүк көлігін (3 адам) қар құрсауынан шығарды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
16 ақпан күні сағат 00.30-да Ақтөбе облысында Ақтөбе - Астрахань тас жолының Байғанин ауданындағы Ноғайты елді мекені тұсында төрт автокөлік құтқарылды, оларда 13 адам болған.
Ақтөбе облысының Темір ауданында қар құрсауынан сегіз адам құтқарылды. "Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдіктің басқа да мамандары Шұбарқұдық - Ақсай әкімшілік жолында тұрып қалған микроавтобусқа көмекке барды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - дейді мамандар.
Айта кетейік, мұның алдында метеорологтер еліміздің солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жел күшейіп, боран болатынын ескерткен еді.