©emer.gov.kz
Өткен тәулікте 280 адам, 72 техника қар құрсауынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап. Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" авто-жолында қар құрсауында 63 автокөлік, (олардың 38-і жүк көлігі) және 2 автобус ( автобустың ішінде 137 жолаушы) қалған. Ал Астрахан ауданына қарасты "Жалтыр" учаскесінде қар құрсауында қалған автокөліктердің саны 40-қа жеткен. (Ол автокөліктерде 67 адам болған) Қазірде еліміздің бұл тұрғындары Атбасарға баратын жолдың ашылуын күтуде. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар Астрахан ауданындағы 2-ші орта мектеке орналастырылды. Сондай-ақ Қостанай облысында 8 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған. Ол автокөліктерде 19 жолаушы болған. Осы облыстың Жітіқара ауданында 6 жеңіл автокөлік пен автобус қар құрсауынан босатылды. (Мұндағы жолаушылар саны 43). Бұған қоса Қарағанды облысы Шет ауданының 830-870-шақырымында "Қызылорда-Павлодар" автожолында 5 техника (автобус, газель, 2 жеңіл автокөлік және 1 жүк көлігі) жолдан шығып кеткен.
Өткен тәулікте 280 адам, 72 техника қар құрсауынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" авто-жолында қар құрсауында 63 автокөлік, (олардың 38-і жүк көлігі) және 2 автобус ( автобустың ішінде 137 жолаушы) қалған.
Ал Астрахан ауданына қарасты "Жалтыр" учаскесінде қар құрсауында қалған автокөліктердің саны 40-қа жеткен. (Ол автокөліктерде 67 адам болған) Қазірде еліміздің бұл тұрғындары Атбасарға баратын жолдың ашылуын күтуде. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар Астрахан ауданындағы 2-ші орта мектеке орналастырылды.
Сондай-ақ Қостанай облысында 8 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалған. Ол автокөліктерде 19 жолаушы болған. Осы облыстың Жітіқара ауданында 6 жеңіл автокөлік пен автобус қар құрсауынан босатылды. (Мұндағы жолаушылар саны 43).
Бұған қоса Қарағанды облысы Шет ауданының 830-870-шақырымында "Қызылорда-Павлодар" автожолында 5 техника (автобус, газель, 2 жеңіл автокөлік және 1 жүк көлігі) жолдан шығып кеткен.