Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1975 науқас дертінен айықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанда өткен тәулікте 1975 адам коронавирус індетінен емделіп шықты", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 288,
Алматы қаласы - 379,
Шымкент қаласы - 61,
Ақмола облысы - 32,
Алматы облысы - 304,
Атырау облысы - 44,
Шығыс Қазақстан облысы - 256,
Жамбыл облысы - 20,
Батыс Қазақстан облысы - 28,
Қарағанды облысы - 47,
Қостанай облысы - 179,
Қызылорда облысы - 65,
Маңғыстау облысы - 35,
Павлодар облысы - 15,
Солтүстік Қазақстан облысы - 140,
Түркістан облысы - 82.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 45 376-ға жетті.