Өткен жылы Астанада 300 мың әкімшілік айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жылы Астанада 300 мың әкімшілік айыппұл салынған © Астана әкімдігінің сайты

Астанада 2017 жылы азаматтарға 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 2017 жылы азаматтарға 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Астанада жедел-профилактикалық "Борышкер-2018" іс-шарасы басталды.

"Дәл қазіргі таңда бізде "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұл салынған құқық бұзушылар мен алимент төлемегендерді  анықтау. Операция "Сергек" жүйесі қосылған камера арқылы планшеттің көмегімен жүргізіледі", - деді Астана ІІД әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ташмұхамбетов.

Оның айтуынша, 2017 жылы 300 мың әкімшілік айыппұл салынған, яғни 58 пайызы өндірілген.

Әкімдіктегілер "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасының 16 қаңтардан 19 қаңтарға дейін прокуратура, жекеменшік сот орындаушылары мен полиция инспекторларының қатысуымен өткізілетінін айтты.

"Өткізіліп жатқан іс-шараның басты жаңашылдығы, электронды планшетті қолданудың арқасында, әкімшілік айыппұлын өтемеген азаматтарды анықтап, мәжбүрлі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартып болмаса көлік құралына дейін айыппұл салмақ", - дейді әкімдік өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети