“Өтінемін, керек емес!“: Семейде қызды “ұрлау“ сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Семейде полицейлер Желіде тараған қыз ұрлау туралы ақпаратқа жедел әрекет етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде полицейлер Желіде тараған қыз ұрлау туралы ақпаратқа жедел әрекет етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға сағат 23:38 шамасында Докучаев көшесінде болған. Куәгерлер ер адамның қызды көлікке күшпен отырғызып жатқанын көрген. Олардың айтуынша, қыз жылап, "Өтінемін, керек емес!" деп жалынған. Бұл жағдай куәгерлердің алаңдаушылығын тудырып, олар көліктің нөмірін түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желілерде жариялаған.

Тексеру барысында полиция көлікте жас жұп болғанын анықтады. 23 жастағы жүргізуші мен қыздың арасында тұрмыстық негіздегі жанжал туындаған. Ер адам күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, полиция басқа да құқықбұзушылықтарды тіркеді: жүргізуші жол жүру ережелерін және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Құқық қорғау органдары зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір ол қорғауда, онымен тергеу органдары жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети