12 ақпан 2019 | 16:22

Оянуға да мүмкіндігі болмаған - Ильин Астанада қаза тапқан балалар жайлы

Дина Муратова Редактор
© Фото Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жекеменшік үйлердің соғылуы кезінде техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі жайлы пікір жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жекеменшік үйлердің соғылуы кезінде техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі жайлы пікір жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыздар улы газдан тұншығып қалған. Өрт басталған кезде олардың оянуға да мүмкіндігі болмаған. Түтіндік кірпішпен қапталмаған, ол сыртқы шатырдың қаптамасымен жалғанып тұруы керек еді. Ол жақта жай ғана мұржа мен жылытқыш болған. Осы заттар өрттің себебі болды", - деді Ильин үкіметтің баспасөз мәслихатының үзілісінде.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі заңнама оларға жекеменшік үйлердің құрылыс жобасын тексеруге мүмкіндік бермейтінін айтты.

"Бұл құрылыс жобалары мемлекеттік органдармен келісілмей жасалады, оның ішінде Төтенше жағдайлар комитетімен. Бізде ондай құзырет жоқ. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да үйдің жобасын тексермейді. Сәйкесінше біз осындай мәселелерге тап боламыз. Төтенше жағдайлар комитеті мұндай үйлерде тұруға тыйым сала алмайды. Сондықтан да өрттің болуының себеп-салдары осыдан шығады", - деді Юрий Ильин. 

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная