Өз қызына қорлық көрсеткен қазақстандық өмір бойына сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз қызына қорлық көрсеткен қазақстандық өмір бойына сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысында өз қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында өз қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта не анықталды?

2025 жылы 25 сәуірде сотталушы Ж. Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында мас күйде жәбірленуші (2019 ж.т.) Р.-дың дәрменсіз күйін пайдаланып, әкесі бола тұра, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Сотта жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмей, заң бойынша жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімі

Сот үкімімен ер адам ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети