Өз өмірін қиып, туристі құтқарған Жомарт Сәрсенбековтың отбасына үй берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз өмірін қиып, туристі құтқарған Жомарт Сәрсенбековтың отбасына үй берілді © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОҚО әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерінің туыстарына баспана кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерінің туыстарына баспана кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО ТЖД "Жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болған Жомарт Сарсенбековтың отбасына жаңа үйдің кілтін табыстады.

Марқұмның шаңырағында болған кездесуде аймақ басшысы төтенше жағдай қызметкерінің бұл әрекетін ерлікке балап, жаңа үйге көрімдік ретінде тұрмыстық техникалар сыйлады. Ж.Қансейітұлы Ж.Сәрсенбековтың артында қалған жұбайы Ұлжанға ендігі кезекте бекем болып, ұл-қыздарын жетілдіруде қайсар да қайратты болуы қажеттігін жеткізді.

Кәсіпкер демеушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері сынды қайырымды азаматтардың атсалысуымен тұрғызылған үй бес бөлмелі. Қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылып, есік, терезелері сапалы материалдардан жасалған баспананың шатыры черепицамен жабылған. Сондай-ақ, онда дербес жылыту қазандығы орнатылған және ыстық сумен жабдықталған. Жалпы құны 11 миллион теңге болатын үйдің құрылыс жұмыстарына 2,5 ай (15 тамыз-30 қазан) уақыт кетіпті.

Еске салайық, осы жылдың 30 мамырында Төле би ауданының Сайрам-Өгем тау жотасындағы "Ақмешіт" тау шатқалында ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас құтқарушысы болған Сарсенбеков Жомарт Орынбасарұлы құтқару жұмыстарын жүргізу барысында биіктігі 100 метр шамасындағы жартасты тік жардан құлап кетіп, мерт болған болатын.

Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында 1973 жылы дүниеге келген марқұмның артында жұбайы мен 5 ұл-қызы қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети