Психолог, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс" жобасының басқарушысы Азамат Жаманшынов I-BALAQAI жобасында ата-ана мен баланың қарым-қатынасы және бұрыс дәстүрлер туралы айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.
Психолог, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс" жобасының басқарушысы Азамат Жаманшынов I-BALAQAI жобасында ата-ана мен баланың қарым-қатынасы және бұрыс дәстүрлер туралы айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасын дайындады.
Байланыс теориясының негізін қалаушы - америкалық психиатр және психоаналитик Джон Боулби. Теорияға сәйкес, "байланыс" термині "бала қауіп және дискомфорт сезінген кезде жақын жерден іздейтін биологиялық түйсік" болып саналады.
Азамат Жаманшынов байланыс - баланың өміріндегі маңызды нәрсенің бірі екенін айтады.
"Байланыссыз бала өмір сүре алмайды. Яғни ол база, ол ағаштың тамыры секілді, ағаш өсіп келе жатқанда тамырына бекемделеді. Сол байланыс, бала кезден пайдалы байланыс өмірлік маңызды қажеттілік болып саналады. Егер сол кезде бірнәрсе дұрыс болмаса және ата-ана баласының қажеттілігін қанағаттандырмаса немесе байқамаса, бала өзінің қауіпсіз жерде емес екенін түсінеді. Оған эмоциясын білдіру қауіпсіз, бірнәрсеге қажеттілігін көрсету қауіпсіз", - дейді маман.
Бала өмірге келіп, жетілуіне дейін ата-анасынан немесе басқа да ересек адамнан ресурс жинала бастайды. Жыныстық жетілуден кейін (әркімде әрқалай, 18, 20, 21 жаста) тәуелсіз өмір сүру кезеңі басталады. Егер бала күнінде қарым-қатынас бұзылса, ересек өмірде түрлі бұзылу болуы мүмкін екенін түсіну маңызды.
Отбасында қарым-қатынастың бұзылуының салдары:
- Мазасыздықтың амбиваленттік бұзылуы, ол ата-ананың сезімі, тұрақсыз бола бастаған кез. Бала анасынан немесе әкесінен не күтерін білмейді, сондықтан эмоциясын білдіру қауіпті деп ойлайды. Сәйкесінше бала есейген кезде жеке өмірінде, отбасында проблема туындауы мүмкін;
- Бала күнінде қарым-қатынаста бұзылу болған адам есейгенде сенбейтін болады, оған стресс кезінде эмоциясын ұстау қиынға соғады;
- Қарым-қатынастың бұзылуы, бұл жағдайда адам екі жаққа кеткен кезде де немқұрайды қарайтын болады. Оған басқа адаммен эмоциялық байланыс орната алмауы себеп болуы мүмкін.
"Егер қарым-қатынас пайдалы болса, ата-ана экологиялық табиғи жол арқылы баланы бөліп, оған жүруіне, ары-бері қозғалуына, жасөспірім кезінде тәуелсіз болуына мүмкіндік беріп, ал ересек өмірінде: "Мен өз ролімді ойнап шықтым. Сені өмірге алып келдім, тәрбиеледім. Саған барынша толыққанды бақытты тұлға болып қалыптасуыңа мүмкіндік бердім, ал енді "Алға" деп түсіндіру керек", - дейді психолог.
Жасөспірімдер мен балаларда бұзылу бейқұрылымдық мінез арқылы көріне бастайды, бұл жалпы норманы бұзуы мүмкін.
Азамат Жаманшынов бұл белгілер сырттай байқалып, жайлы атмосферада өскен баладан ерекшеленіп тұратынын айтады.
Дәстүрлі негіздер
"Бізде керемет мәдени, менталды заттар бар, оларды сақтап қалуымыз керек. Мысалы баланы қырқынан шығару. Бұл баланың ата-анасымен және жақындарымен байланыс орнататын керемет дәстүр. Бұл дұрыс қарым-қатынас орнатуға арналған уақыт", - дейді психолог.
Бұл дәстүрге қарама-қарсы дәстүр - баланың атасы мен әжесі оны тәрбиелеуге алатын "Бала беру" дәстүрі.
"Қандай да бір дәстүрді сақтаймыз, ол біздің қалыптасуымызға ықпал етеді. Кейбір дәстүрден бас тартамыз. Қамқорлық және махаббат дәстүрін сақтаймыз, ал "Бала беру" дәстүрінен және сол секілдіден бас тартуымыз керек. Себебі оның қандай да бір мағынасы немесе қарапайым жағдайда пайдасы болмайды", - дейді психолог.
Ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес пе?
"Мен ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес деп айтқанда оның түпкі мағынасы ол емес. Бұл ең алдымен дербес, бақытты тұлға болуы керек деген сөз. Ол ата-аналарға да қатысты. Ата-ананың өзін толығымен баласына арнауы дұрыс емес, себебі балалар ата-анасының шаңырағынан кетеді, ал отбасылық жұп екі бөлек кетіп қалуы мүмкін. Себебі оларды байланыстырған тек бала болуы мүмкін", - деп түсіндірді психолог.
Бала өскен сайын қарым-қатынастың формасы өзгереді, себебі шекараны дұрыс қалыптастыра білу керек. Азамат Жаманшынов оған ата-анамен сөйлесе отырып жетуге болатынын айтады. Егер ол жұмыс істемесе психологқа жүгінуге болады.
Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!