Өз заңдары бар қала: Қазақстанда жаңа мегаполис пайда болады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз заңдары бар қала: Қазақстанда жаңа мегаполис пайда болады Эскиз Iconic Towers

Қазақстанда Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заң әзірленіп жатыр - ол қаланы бизнес пен инвесторлар үшін ерекше ережелері бар жедел экономикалық өсім алаңына айналдыруы тиіс. Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заң әзірленіп жатыр - ол қаланы бизнес пен инвесторлар үшін ерекше ережелері бар жедел экономикалық өсім алаңына айналдыруы тиіс. Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке юрисдикция және жаңа басқару органы

Алатау дербес қаржылық моделі, басқаруы және құқықтық режимі бар жеке экожүйе ретінде қарастырылады. Заңға сәйкес, салықтық жеңілдіктер енгізу, лицензиялауды жеңілдету және инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты көзделеді.

"Ерекше құқықтық мәртебе - артықшылық емес, қажетті құрал", - деді Бозымбаев.

Негізгі идеялардың бірі жаңа орган - Alatau City Authority құру. Ол қаланың стратегиялық дамуына жауап береді, ал шешімдерді премьер-министрдің жетекшілігімен кеңес қабылдайды. Бұл ретте әкімдік пен мәслихат әлеуметтік және коммуналдық мәселелер бойынша өз функцияларын сақтайды.

Инвесторларды қорғау және тұрақты ереже

Заң жобасы инвестициялық келісімдердің тұрақтылығын бекітеді және инвесторлардың құқықтарын қорғауды, соның ішінде халықаралық арбитраж немесе АХҚО арқылы қорғауды қарастырады.

Салықтық модель де жеке қарастырылған: жеңілдіктер тек басым салалардағы жаңа жобаларға беріледі - тиімділік, экологиялық талаптар және инновациялық сипат талап етіледі.

Билік ұзақ мерзімді жоспарлауға басымдық береді: қаланың дамуы ондаған жылға есептелген, ал негізгі құжаттар инвесторлар үшін болжамдықты қамтамасыз ету үшін жиі қайта қаралмайды.

Digital by default және ЖИ-ге басымдық

Жеке бөлім технологияларға арналған. Алатауды Digital by default қағидаты бойынша дамыту жоспарланған - цифрлық басқару, эксперименттік құқықтық режимдер және жасанды интеллект, ұшқышсыз көлік пен цифрлық активтерді енгізу.

"Қалада криптобиржаларды реттеу және токенизация мүмкіндігі қарастырылады", - деді вице-премьер.

Триллион теңге болатын жобалары

Үкімет мәліметінше, жалпы сомасы 1,8 триллион теңге болатын 44 жобадан тұратын пул қалыптастырылған, олар шамамен 30 мың жұмыс орнын құрады.

Әлеуетті қатысушылар қатарында ірі халықаралық компаниялар мен технологиялық жобалар бар.

"Бір кездегі Астана сияқты"

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бастаманы қолдап, оны елорданың дамуымен салыстырды.

"Алатауда өз режимі, өз мәртебесі болады. Бұл үлгіге айналады. Бір кезде елорда бойынша да сұрақтар болған, бірақ қазір нәтижесін көріп отырмыз", - деді ол.

Оның айтуынша, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке инвесторларды тарту үшін ерекше жағдайлар қажет.

"Бұл арнайы заңнама, дауларды қараудың ерекше тәртібі және инвесторлардың меншігін қорғау - мұның бәрін біз Алатау туралы заңға енгізіп жатырмыз".

Депутаттың айтуынша, болашақта жоба жаңа мегаполистің пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Қазір бұл тек жоба, бірақ 20–30 жылдан кейін біз технологиялар мен жасанды интеллектке басымдық берілген тағы бір цифрлық қаланы көреміз".

Заң жобасын әзірлеушілер сәтті іске асырылған жағдайда Алатау халықаралық инвестициялық хабқа және елдің басқа өңірлері үшін үлгіге айналады деп сенеді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында сөйлеген сөзінде Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети