02 наурыз 2016 | 12:55

Өзара санкциялар мен геосаяси ойындардың дәурені өтті - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев санкцияларды архаикалық рудименттер деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақордада шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу кезінде айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев санкцияларды архаикалық рудименттер деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Ақордада шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесу кезінде айтты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жаһандық экономикалық дағдарысқа тағы да бір тоқталып, оның әлемде әлеуметтік-саяси сілкіністерді туғызып жатқанын атап өтті.

Назарбаев елдердің ақылға қонымды, тиімді әрі теңдестірілген моделін әлемдік экономикалық дамуды қолданудың негізін қалауға тарихи мүмкіндігін пайдалануы керектігін атап өтті. "Сондықтан мен біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістікті құруды ұсындым. Бүгінде Еуразия - әлемдік саясаттың негізгі геосаяси, геоэкономикалық факторы. Мұнда Қытай, Ресей, АҚШ, Еуропалық одақтан бастап Үндістанға, Иранға және Түркияға дейінгі жаһандық ойыншылардың барлығының мүддесі қиылысады", - деді Мемлекет басшысы. 

"Геосяси ойындар мен өзара санкциялар, өзге де архаикалық рудименттердің дәурені өтті. Бейбіт, тұрақты, гүлденуші, экономикалық күшті Еуразияны құру жаһандық өсуге қуатты әрі мультипликатив әсерін береді және барлығына да пайдалы болады. Барлық елдің экономикалық, сауда, инвестиция салаларындағы екіжақты өңірлік, өңіраралық, жаһандық деңгейлердегі әріптестігінің дамуының күшеюіне назар аударуға шақырамын. Саясат әріптестік пен экономикалық өсуге кедергі болмауы керек", - деді Қазақстан Президенті.

"Санкция саясаты өзара саудаласатын мемлекеттердің экономикалық жағдайын нашарлатудан басқа нәтижеге алып келмейді және Дүниежүзілік сауда ұйымының аясындағы жақсы жұмысқа үлесін тигізбейді. Осы тақырыпты биылғы мамырда Астана экономикалық форумында талқылауды ұсынамын. Бұл шарада сіздердің елдердің жоғарғы келісті деңгейі болады деген үміттемін", - деп қорытты сөзін Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети