Өзбек этносы күні Шымкентте кеңінен аталып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбек этносы күні Шымкентте кеңінен аталып өтті Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері "Дўстлик" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні" кеңінен аталып өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері "Дўстлик" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні" кеңінен аталып өтті.

Мерекелік шараның шымылдығы Шымкент қалалық өзбек драма театры әртістерінің Абай мен Әлішер Науаи бейнелерін сомдаған ерекше сахналық көрінісімен ашылып, қонақтар ұлттық құндылықтарды айшықтаған көрмелерді тамашалады.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов, "Дўстлик" қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а. Заңғарбек Усупахметов, Шымкент қаласының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев және қоғам белсенділері қатысты.

Концерттік бағдарлама Мемлекеттік Әнұранмен басталып, театр әртістерінің "Қош келдіңіз" композициясымен жалғасты. Мукими атындағы №13 мектептің "Бахор" би ансамблі өзбек халқының ұлттық "Шодлик" биін және қазақ биін тарту етті. Шымкент қалалық драма театры "Сары Жайлау" композициясын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, қалалық опера және балет театрының әншісі Нематилла Зикриллаев Төлеген Мұхамеджановтың "Отан" және А.Зацепиннің "Тыңда" әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ театр әртісі Шахиста Усманова өзбек халқының әсем әуені – "Мустахзод" әнін шырқады.

Мерекелік жиын барысында бірқатар азаматтар этномәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети