29 тамыз 2016 | 14:15

Өзбек саясаты өз дәстүрімен және нормаларымен қуатты, сондықтан бағыты сақталады - Қарин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбек саясаты дәстүрімен және нормаларымен қуатты, сондықтан елдің бағыты сақталады. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Ерлан Қарин айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзбек саясаты дәстүрімен және нормаларымен қуатты, сондықтан елдің бағыты сақталады. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Ерлан Қарин айтты. 

Оның пікірінше, өзбек билігінің президенттің жағдайы туралы хабарламасы мәжбүрлі шара болуы мүмкін. 

"Бұл мәжбүрлі шара секілді, себебі бірнеше күннен кейін ел ең басты мерекелерінің бірі - Тәуелсіздік күнін тойлайды. Басқа да посткеңестік елдер секілді, бұл мерейтойлық жыл - 25 жыл. Өзбекстанда бұл мереке 1 қыркүйекте тойланады. Соған қарағанда, оның бұл мерекеде болмауын елі назарсыз қалдырмайды, оның үстіне Олимпиададан жеңіспен оралғандарды құттықтау шарасына да қатыса алмады. Осылайша қауесеттердің шықпауы үшін Өзбекстан билігі осындай хабарлама таратқан болуы керек", - дейді маман.

Сарапшы Орталық Азиядағы бірқатар ресурстың өзбек билігінің бұл хабарламасынан Кәрімовтің жағдайы шын мәнінде мүшкіл деген тұжырымға келе бастағанын айтып отыр. 

"Қазір әрқалай түсінуге болады. Осыған дейін де өзбек көшбасшысының жағдайы туралы қауесеттер болған. Шамамен екі жыл бұрын осындай жағдайлар болған және әрбір жағдайда Өзбекстан президенті өзінің медиаалаңда жоқтығын тікелей түсіндірмесе де, қауесеттерді жанама түрде жоққа шығарып келген еді. Жалпыхалықтық мерекелердегі билерін еске алып көріңіз, Кәрімов жұртшылықтың алдына шығып, әртістермен бірге билеп, өз жағдайының жақсы екендігін көрсететін", - дейді сарапшы.  

Алайда Өзбекстан билігінің ендігі хабарламасы сарапшылардың түрлі сценарий ойлай бастауына себеп болып отыр екен. 

"Бірқатар ресейлік ресурс оның мұрагері табылғанын және оның кім екендігі жайында түрлі сипаттамалар беріп жатыр. Бірақ, меніңше, бұл жайында айтуға әлі де ерте, себебі өзбек саясаты жабық әрі алда не боларын тап біліп, болжау қиын. Оның үстіне мұндай жағдайлар болған елдерде заң нормаларымен немесе саяси дамудың заңдарына сай болмағанын атап өтуге болады", - деп есептейді Ерлан Қарин. 

Алайда сарапшы өзбек билігінің күтпеген сценарийлер мен жағдайларға дайын екеніне сенімді. 

"2011 жылы Өзбекстан Конституциясына бірқатар норма енгізілгеніне қарағанда, осындай сценарийлерге дайындықтар болған сияқты. Сол нормалардың бірі түрлі форс-мажор жағдайларында президенттің қызметіне қатысты еді. Ал бұған дейін қандай да бір жағдай туса, президенттің міндеттерін депутаттардың біріне беру туралы нақтылы емес түсіндірмелер ғана болған. Ал кейін өзгерістер еніп, ол нормада президенттің міндетін Сенат төрағасына уақытша беру және үш ай ішінде заңға сәйкес жаңа сайлаулардың өтуі мүмкін екендігі нақтылы жазылған", - дейді саясаттанушы. 

Алайда Өзбекстан Конституциясында, Қаринның айтуынша, президент өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауына қатысты тұстары нақты емес. 

"Осы өңірдің кейбір мемлекеттерінің заңында мерзімінен бұрын тоқтау денсаулық жағдайына немесе өз қалауымен отставкаға кетуге байланысты болса, Өзбекстан Конституциясының бұл тұсында нақтылы түсіндірмелер жоқ", - дейді маман. 

"Жағдайдың қалай болатынына қарамастан, өзбек саясатының белгілі бір дәстүрлерінің, жүріс-тұрыс нормаларының қуатты екенін ұмытпау керек, сондықтан жалпы алғанда бұл елдің алған бағыты өзгеріссіз қалады деп ойлаймын. Тек сырттан келетін әрекеттерді айтпасақ", - деп қорытты ол сөзін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети