Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулы Аброр Фатхуллаевтың кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар халықаралық туризмді дамыту мәселелерін талқылады, - деп барлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулы Аброр Фатхуллаевтың кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар халықаралық туризмді дамыту мәселелерін талқылады, - деп барлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өзбекстандағы келу туризмінің дамуын және оның Түркістан облысына жақын орналасқандығын ескере отырып, біз қалаларымыздағы шетелдік туристердің қызығушылығын арттыратын бірлескен туристік пакеттерін құруды ұсынамыз", - деді облыс әкімінің орынбасары Мырзалиев.
Орталық Азиядағы белсенді өзгеріп отырған ахуал аясында аймақтағы көлік, логистика және қызмет саласында трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл үшін Азия Даму банкінің қолдауымен Түркістан облысы әкімдігі "Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің стратегиялық бөлігі болып табылатын "Түркістан - Шымкент - Ташкент - Худжанд" экономикалық дәлізін құрудың бастамашысы болды. Сонымен қатар, Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойындағы аймақтың тиімді орналасуы Қытай мен Еуропаның миллиардтық нарықтарына кіру үшін керемет транзиттік және логистикалық мүмкіндіктерін ұсынады.
Өз кезегінде Бас консул А.Фатхуллаев осы жобалардың екі елдің экономикалары үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Бас консул Түркістан аймағының қазақстандық және өзбек компанияларының қатысуымен бірлескен жобаларды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін жеткізді. Бүгінгі күні Өзбекстаннан Қазақстанға негізінен көкөніс, жеміс-жидек, кептірілген жемістер, текстиль және автокөліктер сияқты тауарлар жеткізіледі, ал Қазақстаннан Өзбекстанға ұн, мұнай өнімдері, металл өнімдері мен цемент импортталады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың қарқынын арттыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.