Өзбекстанмен шекарада қазақстандық картоп шіріп кеткен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Өзбекстанмен шекарада Павлодардан келе жатақна қазақстандық картоп тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанмен шекарада Павлодардан келе жатақна қазақстандық картоп тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сарыағаш станциясында 43 вагон картоп тұр. Қаңтарда кәсіпкерлер оны Өзбекстанға сатқан, жүк құрамы сатып алушыға жөнелтілген. Шекарада фитосанитарлық тексеру үшін тоқтатылған. Көкөністер 10 күннен астам уақыт вагонда қалып, картоп үсіп, бүлінген.

"Міне, шіріп кеткен. Су ағып жатыр, бәрі еріп кеткен! Алдымен үсіп, содан кейін еріген. Бір вагонда 68 тонна. Бірақ енді жарамсыз!" - деді кәсіпкер Азамат Серікбаев.

Сатушылардың айтуынша, картоп малға да жарамсыз. Олар жүктің неге сонша уақыт кідіргенін түсінбейді. Құжаттар қаңтардың ортасында рәсімделген, экспортқа тыйым салу енгізілгенге дейін. Сондықтан кәсіпкерлер жүктің ұзақ кідіруіне себеп көрмейді.

"Әкімдік бізден бұл картопты 100-150 теңгеден сатуды сұрады. Бірақ оның қазіргі бағасы 300 теңгеден басталады. Енді не істерімді білмеймін. Барлық шығын менің мойнымда. Үш вагоннан 60 миллион теңге жоғалттым!" - деді кәсіпкер Нұрсұлтан Орманов.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс тиелген вагондар тиісті тексеруден өткенін мәлімдеді. Олардың әрі қарай жүруіне ешқандай кедергі жоқ екенін айтты.

"Бүгінде менің ақпаратым бойынша, тексеру жұмыстары аяқталды. Қажетті ақпарат анықталды. Қазіргі уақытта вагондардың ары қарай жүруіне ешқандай кедергі жоқ. Сондықтан 43 экспортқа бағытталған вагон шекарадан өте алады", - деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Алайда кәсіпкерлер үшін бұл кешіктірілген рұқсаттың енді қажеті жоқ. Шығынға ұшыраған бес компанияның өкілдері шенеуніктерді сотқа беретінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro