20 ақпан 2019 | 12:45

Өздігінен ешкім пара алмайды, тықпалайды - Байбек полицейлер жайлы

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Tengrinews.kz © Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбек полиция қызметкерлерінің жұмысы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек полиция қызметкерлерінің жұмысы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалада күн сайын полицейлер автоматпен жүрмейді, күнде адам өлтіру деректері болмайды. Біз еш қорқынышсыз жүреміз, мұның бәрін біреу қамтамасыз етеді ғой. Бірақ басқа топтар да бар, оларды әшкерелеуіміз керек, оларға пара бермеуіміз қажет. GPS бар, бейнежазба бар - барлығы жазылады. Қорқудың еш қажеті жоқ, кейбір полицейлер психолог, олар заңды біледі. Олар адамдардың пара бергісі келетінін біледі және бермейтіндерді де байқайды. Олардың ұялы телефонға түсіретінін байқап, жұмыстан босатылатынын білгеннен кейін ондай адамдардан пара алмайды", - деді Байбек тұрғындардан парақорлықпен бірге күресуді сұрап.

"Адамдар полицейлерді сынайды, бірақ арыз жаз десе жазбайды. Арызды дәлелдеу үшін артық жұмыс істегісі келмейді. Заңды қолдануға шақырамын. Парақорлық мәселесі жөнінде маған көп жазады. Сұрақты нақты шешу үшін олар арыз жазбайды. Ол кезде адамдар оның балалары бар ғой, ол да адам ғой деп шығады", - деді Алматы қаласының әкімі.

"Менің айтарым, параны өздігінен ешкім алмайды, оларға параны тықпалай береді. Егер параны сұрап жатса ұялы телефонға түсіріп, желіге таратыңыз. Біз бірден жұмыстан босатып, тексеріс жүргіземіз. Тек осындай жұмыс істеп, тәртіп орнатамыз. Ол үшін тұрғындардың көмегі керек. Мен әр полиция қызметкерінің қасына әкімдіктің қызметкерін тұрғыза алмаймын", - деді Байбек 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети