05 наурыз 2018 14:12

"Өзен атауын ауыстыру керек шығар?" - Назарбаева шенеуніктерді жауапсыздығы үшін сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атбасардағы су тасқыны. Тengrinews.kz қорынан Атбасардағы су тасқыны. Тengrinews.kz қорынан

Сенат депутаты Дариға Назарбаева мемлекеттік органдар өкілдерімен су басуға қарысы жұмыстарды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сенат депутаты Дариға Назарбаева мемлекеттік органдар өкілдерімен су басуға қарысы жұмыстарды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов Атбасарда жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. 

"Өзеннің атын өзгерту керек. Жабай - ауыздықсыз өзен. Мүмкін көмектесетін шығар", - деді Дариға Назарбаева.

"Қаржы жұмсасаңыздар мәселе ұзақ мерзімге шешілу керек", - деп жалғастырды ол. 

Депутат Алматы облысындағы жағдай туралы да сұрады. 

"Бірнеше күн БАҚ бетінде Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылын су басып жатқаны туралы айтылып жатыр. Әкімдік зардаптар болатынын алдын ала білген шығар. Ал мұндай жағдайда әкімдік не істеу керек еді? Бюджетте қарастырылған ба, қанша жыл алдын ойластырылған? Сонда жыл сайын жамауларды бітеп, көктемнің жыл сайын келетінін білмейтіндей отыра беретін болдық қой. Әрдайым табиғат апаты болжанбайтындай... Бұған қыруар қаржы жұмсалып жатыр", - дейді Назарбаева. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин де жыл сайын жағдайдың қайталана беретінін айтады. 

"Жамау салған кезде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жұмыс жүргіземіз, әкімдік билігін асыра пайдаланады. Алматы облысындағы су тасқынының бір себебі - тау баурайындағы ағын сулар өтетін жерді жеке құрылыс телімдері ретінде сату", - дейді министрдің орынбасары. 

"Түсіндік, (...) ал бұл үшін жауапкершілікті кім өзіне алады?", - деп сұрады Назарбаева. 

Ильиннің сөзінше, жер телімдерін рәсімдеу, салынған үйді пайдалануға беру толықтай жергілікті атқару органдары, соның ішінде сәулет және жер қатынастары басқармаларына тиесілі. 

"Ол жерде нақты органдар бар ғой. Бұл басқармалардың жетекшілігі қанша жылдан ауыспай келеді?", - деді Назарбаева. 

"Біз тек тергеу шаралары, қылмыстық іс қозғау аясында ғана анықтай аламыз. (...) Адам өлімі болғанда ғана", - деп жауап берді Ильин. 

"Қылмыстық кодексте осы мәселелер бойынша бірдеме өзгерту керек". Жауапсыздық үшін жауапқа тарту үшін адам өлгенін күту керек пе?", - деді Дариға Назарбаева.  

Еске салайық, Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында су басу қаупіне байланысты 1000 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети