12 маусым 2022 | 09:01

"Өзен суын тасып алады". Шамалған тұрғындары ауыз суға зәру болып отыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Шамалған тұрғындары ауыз суға зәру болып отыр. Әкімнің айтуынша мемлекеттік сатып алу жүргізілсе, су мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы


Иконка комментария блок соц сети

Шамалған тұрғындары ауыз суға зәру болып отыр. Әкімнің айтуынша мемлекеттік сатып алу жүргізілсе, су мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы

Алматы облысына қарасты жүз шақты жеке тұрғын үй орналасқан Шамалған ауылында бірқатар мәселе бар. Соның бірі - ауыз су. 10 жыл уақыт ішінде мәселесі шешілмеген ауыл тұрғындары суды тау өзенінен тасып алады екен.

Әкімдік өкілінің сөзінше, су тарту үшін сметалық құжат дайын, жер рәсімделген, 30 миллионға жуық қаражат та бөлінген. Ендігі мәселе - мердігер табылмауы ғана.

"Мемлекеттік сатып алу жүргізілсе, бірден су мәселесін шешемін. Шамалған ауылдық округінің суы 2024 жылы шешіледі. Ал енді бұл көше тұрғындарының суы биыл шешіледі деп отырмыз, бұйырса. Жыл аяғына дейін бара ма, келесі жылға дейін бара ма, реттеледі деп отырмыз", - деді Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік тарапынан жол жасап, су жөндеуге уәде берілген.

"Өткенде мектепте де, мәдениет үйінде де жиналыс болды. Сол кезде де әкімшілік жол жасап береміз, суды да жөндеп береміз деді. Уәде бере береді", - деді Шамалған ауылының тұрғыны Марат Ташилов.

Ауыл тұрғындарына жаңбыр да кері әсер етеді. Өйткені жол батпаққа айналып, ондай күндерде су таси алмай қалады. Басылым мәліметінше, Шамалған ауылында шамамен 120 көше бар, қазіргі таңда оның 35-іне ғана тасжол төселген.

"Тасжол төсеп береміз деп нақты жауап бере алмаймын. Уәде де бере алмаймын. Ал тас төгіп, тегістеп береміз", - деді Шамалған ауылдық округінің әкімі Ержас Тоқтасынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети