Қарағанды облысында УАЗ өзенге түсіп кетіп, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан болатын. Енді қаза тапқандардың отбасылары болған оқиғаның өз нұсқасын айтып бермекші. Олардың айтуынша, ұлы мен әкесі Әбилдиновтер көрші ауылға өз еркімен кеткен жоқ. Олар жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын орындауға барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында УАЗ өзенге түсіп кетіп, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан болатын. Енді қаза тапқандардың отбасылары болған оқиғаның өз нұсқасын айтып бермекші. Олардың айтуынша, ұлы мен әкесі Әбилдиновтер көрші ауылға өз еркімен кеткен жоқ. Олар жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын орындауға барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әбилдиновтер отбасы өткен аптада бірден екі адамын жоғалтып алды. Әкесі мен ұлы - Болат пен Жанболат Әбилдиновтер. Туыстарының айтуынша, отағасы жергілікті әкімдікте жүргізуші болып жұмыс істеген. Оның 30 жылға жуық еңбек өтілі болған. Туыстарының айтуынша, сол күні 31 наурызда кешкі уақытта оны мәжбүрлеп жұмысқа шығарған.
"Оған әкімдіктен хабарласып, адамдарды эвакуациялау үшін Қарашоқы ауылына барсын деді. Ол өзімен бірге ұлын ертіп алды. Олармен бірге УАЗ-бен учаскелік қызметкер де кетті. Олар бұйрықты орындап жатты. Адамдарды эвакуациялаған соң үйіне қарай жолға шыққан. Бірақ көлік үлкен мұзға соғысып қалып, ұшып кетіп, аударылып кеткен. Ағам соңына дейін өзі жайлы емес, жолаушылар жайлы ойлады. Ол сол кезде өзі-ақ шығып кете алатын еді, бірақ ол 13 жастағы жасөспірімге көмектескісі келді. Ол суға тұңшығып жатқан еді, жасөспірімді құтқармақшы болған сәтте су деңгейі көтеріліп, оны су алып кеткен. Содан ол суда жоқ боп кетті. Жанболат болса әкесіне көмектеспек болып, артынша қаза болды", - дейді туыстарының бірі Серік Қаппаров.
Сонымен қатар, қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жолдағы су деңгейі расында да 10-15 сантиметр болғанда, мұндай қайғылы оқиға болмас еді.
Ал шенеуніктердің айтуынша, сол күні ешқандай да эвакуация болмаған. Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қапанов УАЗ-ды су деңгейін тексеру үшін жібергенін айтады. Сондай-ақ, құтқарушылар бастапқыда адамдардың санының дұрыс көрсетілмегенін айтады, оның айтуынша, сол кезде көлікте 14 жолаушы емес, 13 жолаушы болған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша қылмыстық істің адамдар өлімі ретінде тіркелгенін түсіндірді.
© Tengrinews.kz
Еске сала кетейік, 1 cәуірде Қарағанды облысында 14 адам отырған УАЗ-дың өзенге түсіп кеткені жайлы хабарланған болатын. Төтенше жағдай түнгі уақытта Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, УАЗ 220695-440 маркалы көліктің жүргізушісі өзен суының тасуына байланысты көлік тізгінін игере алмаған. Содан көлік қар суы ағып жатқан өзенге қарай құлап кеткен.
Ал кейінірек үш адамның денесінің табылғаны жайлы хабарланған еді. "Үш адам табылды. Өкінішке қарай, олардың барлығы қаза тапты. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың кім екенін анықтап жатыр", - деген еді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.