"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды Фото:ozen.kz

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Е.Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілетін пайдаланған деп күдікке ілінген.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген және мыңнан аса қызметкердің құқығын бұзып, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған.

ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жарияланбайды.

"ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети