23 маусым 2023 | 17:16

"Өзенмұнайгаз" лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ozenmunaigaz.com Фото: ozenmunaigaz.com

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) арнайы жұмыс тобының "Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) және оның мердігер ұйымдарында жүргізілген тексеру жұмыстарының негізгі қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) арнайы жұмыс тобының "Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) және оның мердігер ұйымдарында жүргізілген тексеру жұмыстарының негізгі қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының басшысы Дәулетжан Хасанов корпоративтік орталық деңгейінде "Өзенмұнайгаз" АҚ қызметіне кешенді тексеру жүргізу былтырдан бері жоспарланғанын айтты.

"Біз еншілес мекемелердің кәсіподақ өкілдерімен тығыз жұмыс істей бастадық. Тек былтырдың өзінде Өзенмұнайгаздың кәсіподақ жетекшілерімен және мүшелерімен бірқатар кездесу өткіздік. Олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жұмысшылардың арыз-шағымдарын жеткізді. Сол себепті кешенді тексеруді сол кезде жоспарлаған едік, ал "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС жұмысшыларымен болған жағдай тексеруді кейінге қалдырмай бастауға түрткі болды", - деді ол.

ӨМГ-нің қаржы-экономикалық қызметін талдау нәтижелері бойынша 118 заңбұзушылық пен сәйкессіздік анықталған, соның ішінде:

  • 7 факт құқық қорғау органдарына берілді;
  • 10 мәселе бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
  • 101 мәселе бойынша жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолданылады.

Одан кейін жұмыс тобының өкілдері құқық қорғау органдарына берілген 7 деректің әрқайсына жеке-жеке тоқталып өтті. Мәселен, ӨМГ-дың жалған түрде сырттан жұмысшыларды жалдағаны туралы ақпарат тексерілген. ӨМГ-ға келтірілген шығын көлемі алдын ала есеп бойынша, 47 миллион теңге шамасында екені анықталды.

Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары ӨМГ және "БерАли Мангистау Company" ЖШС арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, орындалған жұмыс актілеріне талдау жүргізу нәтижесінде жұмыс уақыты шамадан тыс, 311 бригада-сағатты немесе 27,8 миллион теңгені қамтығаны, сондай-ақ, 69 миллион теңге көлемінде жұмыстың орындалмағаны анықталған. Нәтижесінде 97 миллион теңге артық төленді.

"Одан бөлек, ӨМГ компаниясына жұмысқа алу алгоритмі бұзылғаны анықталды. Бекітілген ережеге сәйкес, жұмыс іздеушілер кезегі келгенде алдымен қаланың коммуналды кәсіпорындарында қызмет етіп, кейін ӨМГ аутстаффингінде (сырттан жалданып) жұмыс істеген соң компанияда бос орындар пайда болған кезде ғана штатқа қабылдануы тиіс. Мысалы, жұмысқа қабылдануы тиіс әкімшіліктің тізіміне кірген 44 адам қаланың коммуналды кәсіпорындарының тізімінде жоқ болып шықты ("ӨзенИнвест" МКК, "Таза су" ЖШС және "Verity Group" ЖШС). Анықталған факт бойынша материалдар Жаңаөзен прокуратурасына жіберілді", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде сирек қолданыстағы мамандық иесі ретінде жұмысқа қабылданған 238 адамның 17-сінің біліктілігі жоқ болып шықты. Тағы 33 адам қысқа мерзімде компаниядағы өзге қызметтерге ауысып кеткен. Демек, сирек қолданыстағы мамандық иесіне деген сұранысты штатқа қабылданудың амалы ретінде пайдаланған, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы оқу орындарының жалған сертификаттары ӨМГ компаниясының штатына кіру үшін пайдаланылғаны туралы деректер де тиісті органдардың тексеруіне жіберілгені айтылды.

"Одан бөлек, "Өзенмұнайгаз" АҚ Корпоративті оқу орталығының хаттамасында комиссия мүшелерінің атынан әлдекімдер жалған қол қойып, жұмысқа қабылдау процедурасынан өтпеген адамдарды инженер қызметіне қабылдағаны туралы факт анықталды".

Сатып алу және өндірісті қамту саласында да олқылықтар анықталды. Мәселен, тексеру кезінде 2023 жылға арналған сатып алу жоспары 65 пайызға орындалған, соның ішінде тауар позициялары бойынша бар-жоғы 58 пайыз қамтылған, яғни тауар ұсыныстарының 42 пайызы бойынша келісімшарттар жасалмаған. Келісімшарт жасалған 61 позиция бойынша орындау мерзімі сақталмаған. Тендер құжаттамасының нашар әзірленуіне байланысты қызмет көрсету мен жұмыстар бойынша 14 сатып алу ұсынысы тоқтатылғаны айтылды.

"Көріп отырғандарыңыздай, жұмыс тобы ауқымды, кешенді жұмыс атқарды. Анықталған бірқатар бұзушылық бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Қазір нақты бағыттар бойынша кемшіліктерді жою мақсатында жоспар әзірленіп жатыр. Олардың кейбірі терең жүйелік сипатта болады. Оларды шешу үшін, біріншіден, уақыт, екіншіден, қосымша қаржы қажет. Сондықтан бұл жұмысты алдағы бірнеше жылда Өзенмұнайгазбен бірлесе отырып атқарамыз", - деп түйіндеді ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Хасанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети