16 қараша 2023 10:41

"Өзенмұнайгаз" ісі бойынша тергеу: жаңа деректер белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ozen.kz Фото: ozen.kz

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәлдіметіне сілтеме жасап.


ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәлдіметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында "ӨМГ" АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды.

"ӨМГ" АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы, сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, келтірілген шығып көлемі 623 миллион теңге.

"Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 миллион теңгені жымқырып, талан-таражға салған "ӨМГ" АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды".

Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети