Қазақстандық әнші Қажымұрат Шешенқұл емханаға медициналық көмек сұрап келгенде өзін өлген адамдардың тізімінен тауып алған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Қазақстандық әнші Қажымұрат Шешенқұл емханаға медициналық көмек сұрап келгенде өзін өлген адамдардың тізімінен тауып алған, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"Емханада менің құжаттарымда бірыңғай элетронды базадан тексерді. Сол базадағы ақпарат бойынша, мен өлген адамдардың қатарында тұр екенмін. Онымен қоймай, 2013 жылдың маусымында өлген екенмін. Таңғалдым, - дейді Қажымұрат Шешенқұл.
Телеарнаның ақпараты бойынша, әнші мұндай қиындықпен бірінші рет кездесіп тұрған жоқ екен. Әншінің айтуынша, бұл алаңғасарлықтың кесірі, себебі оны шынымен де қайтыс болған туған інісімен шатастырып алуы мүмкін еді. 2013 жылы Алматыда оның інісін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Оның қайтыс болғанына бір жыл өткен соң әнші автокөлікке сенімхат жасатқан екен. Мәліметті тексеру барысында құжаттарға сәйкес ол інісімен бірге жерленген болып шаққан.
"Ұзақ анықтаудан кейін өзімнің тірі екенімді дәлелдеп шықтым. АХАТ бөлімшесі қателескендерін мойындады. Одан кейін қиындықтар туындамаған. Бұл уақыт аралығында балаларым дүниеге келді, ал былтыр жеке куәлігімді ауыстырдым. Бірақ, енді қайта осы қиындыққа тап болдым. Өзім де шатасып кеттім: Тірімін бе әлде өлі", - дейді әнші.
ХҚКО тексеруінде Қажымұраттың құжаттары дұрыс екені анықталды. Халыққа қызмет көрсету орталығының базасы бойынша ол өлі емес тірі деп хабарлады телеарна. Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы қателігін мойындады.