24 қазан 2021 19:00

"Өзіңізден бастаңыз, ертең нәтижесін көресіз". ER-BATYR жобасында Серік Есматов

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - Алматы қалалық мәслихатының депутаты, паралимпиадашы Серік Есматов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - Алматы қалалық мәслихатының депутаты, паралимпиадашы Серік Есматов, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мүмкіндігі шектеулі жандардың адамдармен қарым-қатынас жасауы неге маңызды екені, өзіне деген теріс көзқарас қаншалықты жиі кездесетіні, паралимпиадашылардың басты жетістігі не екені және неге бәрін өзінен бастауға шақыратыны туралы әңгімелейді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Бағдарлама қонағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу үшін қандай жобалармен айналысып жатқанын айтты.

"Жүзеге асыратын жобаларым өте көп. Негізгі бағытым мүгедек жандарға арналған. Өзім сияқты жандар мен мемлекет арасында "көпір" болуға тырысамын. Мәселе мынада: үніміз шықпайды, көбі бізді менсінбейді. Иә, мен толыққанды өмір сүремін, менде бәрі бар, ештеңеге шағымданбаймын, бірақ менен де жағдайы нашар, мүгедектер арбасына таңылған, өздігінен тамақ іше алмайтын, жуына алмайтын жігіттер бар. Оларға өмірдің мәні жоқ сияқты, қарапайым қарым-қатынас жасай алмайды, қалада еркін жүре алмайды. Қазір осы үшін күресіп жатырмын. Жұрттың бізге толыққанды қарым-қатынас керек екенін түсінгенін қалаймын", - деді ол.

Серік өзіне қырын қарайтындарды қаншалықты жиі байқайтынын айтты.

"Мен адамдарда тек аяныш сезімін емес, махаббат сезімін оятуға тырысамын. Далаға шыққанда, бәрінің қырын қарағанын, жақтырмайтынын сезесің. Мысалы, 300 адам үйде отырмағаның үшін айыптайды. Бірақ амандасып, көмек ұсынатындар да бар. Бізде жүрегі бар жандар да кездеседі, тіпті барлық шаруасын тастап, көмекке дайындар бар. Өкінішке қарай, сенің кез келген жерде жүруіңе қарсы болатындар бар, олардың жан дүниесінде қандай да реніш бар сияқты, неге екенін білмеймін, ондай адамдарды аяймын", - деді бағдарлама қонағы.

Жоба қонағының айтуынша, паралимпиадашылардың басты жетістігі - өз-өздерін жеңе алуы.

"Біздің паралимпиадашылар - ерекше адам болып-ақ, биік жетістіктерге қол жеткізуге болатынын дәлелдеген адамдар. Олардың басты жеңісі - өз-өзін жеңуі. Қандай жағдай екені маңызды емес. Өзіңізді тапқан кезде, ақталу, айналада болып жатқан нәрселер маңызды болмай қалады. Сіз барсыз, өмір өтіп жатыр, кез келген жол - қиын. Егер ішіңде жалын болса, ешкім саған тең келмейді. Бұл тек мүгедектерге ғана емес, бәріне қатысты", - деді ол.

Серік бәрін өзінен бастауға шақырды.

"Ең бастысы - адам болу, қалғаны маңызды емес. Мен тек өзім сияқты адамдарға ғана емес, бүкіл елге пайдалы болып, жаңа өмір сыйлағым келеді. Өйткені бұл - әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Жағымсыз пікір көп келеді, жаман пікірлерді жиі оқимын, бірақ өзіңіз бірдеңе жасауға тырысып көріңізші. Мысалы, үйдің маңына ағаш отырғызып, оны суғарсаң болады. Алғыс аласыз. Өзіңізден бастаңыз, ертең нәтижесін көресіз. Сондықтан мен өзімнен бастадым, бүгін өзім армандағандай өмір сүріп жатырмын. Жақсы көретін ісіме барымды беремін. Менің жалақым - адамдар, адамдардың күлкісі, өмірге құштар жүрек пен бақытты ішкі әлем", - деді ол.

Жобаның Instagram желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети