Палеолит дәуірінің көпқабатты тұрағы анықталды

Фото: ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінен Фото: ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінен

Палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Ұлттық музейі Германияның Тюбинген университетімен бірлесіп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында палеолит дәуірінің көп қабатты тұрағын анықтады. Алғаш рет табылған тарихи орыннан көптеген тас құралдары, соның ішінде нуклеустер, қырғыштар, үшкір тастар табылды. Сонымен қатар, қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жануарлардың сүйектері мен көмір қалдықтарын зертханалық сараптамаға жіберу жоспарланып жатыр.

Ұлттық музей мен Германияның Тюбинген университетімен жасалған халықаралық келісім-шарт негізінде 2017 жылдан бері Palaesilkroad жобасы бойынша Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру мақсатында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының қосалқы жетекшісі - музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов.

"Халықаралық жоба аясында биыл мамыр айынан бастап Алматы облысындағы Кербұлақ және Еңбекшіқазақ аудандарында зерттеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ ауданындағы "Тікенекті-2" тұрағындағы мәдени қабаттардан орта тас дәуірі, кейінгі палеолит және неолит дәуірлеріне жататын артефактілер анықталды. Археологиялық қазба жұмыстары халықаралық жоба болғандықтан мұнда Ұлттық музей қызметкерлерімен қатар Испания, Грекия, Германия, Америка елдерінің зерттеушілері, ғылым докторлары бар. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері де белсене атсалысып жатыр. Екі шәкіртіміз палеолит дәуіріне қатысты докторлық диссертациясын шетелде қорғайды", - дейді тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Қожахметұлы.

Бұған дейін, Жәкен Қожахметұлы бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары  Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз боп келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгір анықталған. Осы орайда, шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып заманауи технологиялар арқылы Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгіріне сканерлеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде орта тас дәуіріне жататын күлдің қалдығынан 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды.

"Тұттыбұлақ үңгіріндегі зерттеу жұмысы XX ғасырдың соңына қарай басталған. Үңгірдің қойнауына жасырған тарихи сыры барын білген Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі, ғалым, менің ұстазым Хасан Алпысбаев 1959 жылы бұл орынды тапқанымен қазуға мүмкіндігі болған жоқ. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге тұтастай топ атсалысуы тиіс. Сондықтан, бұл жұмыс кейінге қалып, ұстазымыздың бастамасын  біз жалғастырудамыз. 2018 жылы Palaesilkroad жобасы  аясында Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде күлдің қалдығы, тас құралдар және адамның жақ сүйегі табылды. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін. Қазіргі таңда жақ сүйек Германиядағы зертханада анықталып жатыр. Ал, күлдің қалдығына қарап ошақ пен отты пайдаланған адамзат баласының сол кезеңде осы жерде де тіршілік еткенін айтуға болады. Биыл да Тұттыбұлақ үңгірінде жұмыс жүргізіледі. Қызықты нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенім бар", - деді Жәкен Таймағамбетов.

Айта кетейік, келесі кезекте ҚР Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің археолог мамандарынан жасақталған экспедиция Қазақстан аумағындағы палеолит ескерткіштерін іздестіру, зерттеу жұмыстарын Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шығыс Қазақстанда жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro