05 наурыз 2015 | 11:36

Пан Ги Мун маусым айында Қазақстанға келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун. ©ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун. ©ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырылды, съезд Астанада 2015 жылдың 10-11 маусым аралығында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырылды, съезд Астанада 2015 жылдың 10-11 маусым аралығында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың форум жұмысына қатысуға шақыру туралы жеке жолдауын табыстау үшін Нью-Йоркқа іссапармен барды.  

"Сіздің V съезге қатысуыңыз халықаралық қоғамдастыққа егер діни иерархтар мен саясаткерлер тарапынан келісімді әрекеттер мен өзара қолдау барда адамзат дамуға арналған жағдайларды одан әрі қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге тиімді түрде қарсы тұра алады дегенді ұғындырар еді", - деді Тоқаев. 

БҰҰ Бас хатшысы ұлтаралық және конфессиялық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалап, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтетін діни форумның маңызды екенін әрі диалогтың тиімді алаңы екенін айтты. Пан Ги Мунның айтуынша, БҰҰ съезді қолдайтын болады және әлемдік қоғамдастықта мақсаттар мен тапсырмаларды дамыту мақсатында Қазақстанмен әріптестік жасайды. 

Сенат спикері Нью-Йоркта БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен, БҰҰ бағдарламалар дамуының әкімшісі Хелен Кларкпен, Ұйымның жоғары қызметтегі қызметкерлерімен және ірі қорлардың жетекшілерімен кездесулер өткізді. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылар алқасының жетекшісі бола отырып, Тоқаев алда болатын шара жайлы ақпарат берді. Осы жылы рухани форумда мына тақырыптар талқыланады: діни және саяси көшбасшылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі, діннің жастарға деген әсері, дін мен саясаттың өзара әрекеттестігіндегі тенденциялар мен келешегі, әлемдік көшбасшылар мен дәстүрлі діни көшбасшыларының бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік мақсатындағы өзара құрмет пен түсіністіктің негізіндегі диалогы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети