Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады © kz.troniks.kz

Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, БҰҰ Бас хатшысынан құттықтау жеделхаты келіп түскен.

"Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз әрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздің қарым-қатынастарымыз Қазақстан халқының және бүкіл өңірдің игілігі үшін бұдан әрі де дами береді деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бұдан өзге Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельден, Италия президенті Серджио Маттарелладан және Сингапур Республикасының президенті Тони Тан Кенг Ямадан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Еске сала кетейік, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы сайлаушылардың көптігімен ерекшеленді. Ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 95 пайызынан астамы дауыс берді. ҚР ОСК нақты мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,75 пайыз дауыс берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети