"Пандемия аяқталған жоқ". Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанына қарамастан, зерттеушілер ревакцинация алу қажет екенін айтады, өйткені адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін күшті қорғаныс қажет. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанына қарамастан, зерттеушілер ревакцинация алу қажет екенін айтады, өйткені адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін күшті қорғаныс қажет. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алда аурудың өсуі популяциядағы омикрон штамының BA.4/ВА.5 субварианттарымен таралуына байланысты болуы мүмкін, олар алдыңғы түрлеріне қарағанда, иммунитетті айналып өту қасиетіне ие.

Сонымен қатар, аурудың өзінен басқа, коронавирустың жаңа нұсқалары постковид синдромының дамуына әкелуі мүмкін, бұл жылдар бойы жағымсыз белгілердің жалғасуын, тіпті мүгедек болып қалу қаупін төндіреді", - деді ол.

Оның айтуынша, ауру асқынған жағдайда бұл тиімді құрал бола алады.

"Ревакцинация елімізде ауруханаға жатқызуға қарсы тиімді және аурудың ауыр, асқынған жағдайларына қарсы 98,6 пайыз тиімді болады. Сонымен қатар, бұл постковид синдромнан қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес кейінгі алынған екпеден немесе ауырғаннан кейін жарты жыл аралығымен қайта вакцинациялауға болады", - деді Ержан Байтанаев.

Зерттеулер бірнеше рет жасалған вакцинациядан кейін антидене титрлері күшейе түсетінін көрсеткен, яғни қорғаныс жоғары болады.

Ол қазір көбінесе вакциналанбаған және бір жыл бұрын екпе алған, ревакцинациядан өтпеген адамдар вирус жұқтырып жатқанын айтты.

"Біз барлығын вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз. Себебі ауруды тоқтатудың жалғыз жолы - ұжымдық иммунитет. Көптеген адам пандемия аяқталды деп ойлайды, біз барлық шектеулерді алып тастадық, бәрі босаңсып, қайта вакцина алуға бармайды. Бірақ бұл үлкен қателік. Біз әр адамды жағдайды нашарлатпау үшін саналы түрде вакцинациядан немесе ревакцинациядан өтуге шақырамыз", - деді санэпидбақылау комитетінің ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro