Пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың жұмсалуына қатысты заңбұзушылық анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген дағдарысқа қарсы қаржының жұмсалуына жүргізілген тексеру жұмыстарының алдын ала нәтижелері және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. 

Қазақстан Президентіне экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатаң бақылауында екені айтылды.  Алдын ала қорытындылар бойынша 940 миллиард теңгеге жуық қаржының жұмсалуы тексерілген. Қазірдің өзінде қаражаттың тиімсіз жоспарлануына және жұмсалуына қатысты бірқатар қаржылық заң бұзушылық деректері анықталған.

Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысына экономиканы және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған қаржыны тексеру жұмыстарының қорытынды нәтижелері биылғы желтоқсан айында Президентке ұсынылатынын хабарлады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысымен танысты.

Мемлекет басшысына квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық жұмыстардың жалғасатыны, сондай-ақ, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына жүргізілген тексеру жұмыстарының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro