Астанада студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас турнирі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл шараның мақсаты жас буын арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болды. Төрт күнге созылған бұл шара "Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Астана қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өтті.
Пікірталастың басты тақырыбы мемлекеттік аппарат, білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары мен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықпен және қызмет бабын асыра пайдаланумен күресу жолдары болды. Мұндай пікірталастар жастарға сыбайлас жемқорлықтың қарсы амалдарды қажет ететін проблемалы құбылыс екенін түсінуге жол ашады. Осы арқылы болашақ мамандар мемлекет пен қоғамның өзара тығыз байланысы ғана жемқорлықпен нәтижелі күресуге болатынын түсіне алады.
Пікірталас сипаты да қызықты ұйымдастырлығанын айта кетейік, ол "Америкалық парламенттік форматта" өткізілді. Бұл негізінен ойдағы аргументтер, ұтқыр ой және риторикалық қасиеттер жарысы. Пікірталас жүргізетін екі команда Үкімет (мақұлдайды) және Оппозиция (жоққа шығарады) болып бөлінді. Америкалық парламенттік форматта басты назар шапшаң сыни ойлау, логикалық дәлелдеу және сараптамаға жасалады.
Жастардың осындай тәрбиелі шарасына ҚР Парламент Мәжілісі және Астана қаласы маслихаты депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің өкілдері, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және тәжірибелі дебатшылар қазылық етті.
Турнир іріктеме, жартылай финал, финал ойындарына бөлініп, оған жалпы 16 топ қытсты, қазақ лигасы - 8 топ; орыс лигасы - 8 топ. Ал әр топта екі адамнан болды және қатысушылардың барлығы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер.
Дебат соңында студенттер мұндай шараға қатысты өз ойларын білдірді. "Халықтың пассивтілігі, біздерге, студенттерге әсер етеді. Мәселен мен кейбір институттар мен ведомстволардың барын да білмеппін. Ал осындай пікірталасқа қатысу арқылы біз сияқты студенттер іздене бастайды, ақпарат жинайды. Қазір мен бұл тақырыпқа қатысты білімім молайды", - дейді пікірталасқа қатысқан ҚазМЗУ студенті.
Пікірталас турнирі 2017 жылдың 14, 15, 16, 17 қарашасында өткенін айта кетейік. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асқар Ораловтың сөзінше, дебаттардың іріктеу турына Астананың екі жүзден аса үздік дебатшылары қатысқан.