Парақорлық жайлаған ЖОО-лардың рейтингі жарияланды

viewings icon 1453 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Nur Otan партиясының жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пара алуға жақын жекеменшіктегі 7 университеттің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Nur Otan партиясының жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пара алуға жақын жекеменшіктегі 7 университеттің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев "Таза сессия" акциясының екінші кезеңінің қорытындысында айтты. Анонимді сауалнамаға еліміздегі 64 жеке меншік жоғары оқу орнында оқып жатқан 20 мыңнан астам студент қатысқан.

"Көптеген студент пара беруді ЖОО оқымай-ақ бітірудің жолы сияқты көреді. Десек те, оқытушылардың өздерін осындай жағдайда оқу бітірген, түлектерінің алдағы тағдыры алаңдатып отырған жоқ. Jas Otan жастар қанатының белсенділеріне студенттер көптеп хабарласып, көмек сұрайды. Сауалнамалар негізінде студенттердің жемқорлық фактілерін көрсеткен 7 жоғары оқу орнының рейтингі жасалды. Бұлар: Нұр-Сұлтан қаласындағы Медициналық университет, Жетісай қаласындағы "Сырдария" университеті, Алматыдағы Қазақ туризм және спорт академиясы, Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет, Алматыдағы Орталық Азия университеті, "Алматы" университеті, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті", - дейді Елнұр Бейсенбаев.

Респонденттердің пікірінше, жемқорлық дереі ең көп емтихан және есеп тапсыру кезінде (23,8 пайыз), диплом жұмысын қорғау кезінде (8,7 пайыз) екені анықталған. Ал, "ЖОО студенттер параны кімге көп береді" деген сұрақ бойынша студенттердің 30 пайызы конвертті оқытушыларға беретіні, ал 4,4 пайызы ректорларды тікелей сатып алатыны анықталды.

Ұсынылатын параның мөлшері де ерекше назар аударуды қажет етеді. Жасотандықтардың дерегіне сүйенсек, Қазақстан бойынша сессияны жабу бағасы - 22 мың теңге, бір пәнді тапсыру 14 мың болса, курс жұмысы - 32 мың теңге.

"Диплом жұмысын өте жақсы деңгейде қорғап шығу үшін 105 мың теңге төлеу жеткілікті, ал ақылы бөлімнен грантпен оқу бөліміне ауысу үшін 400 мың теңге беруге тиіссіз. Бұл адамның ақылына сыймайтын дүние", – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, жасотандықтар Білім және ғылым министрлігіне шақыру жіберген. 

"Министрлік өкілдері баспасөз-конференциясына келуі тиіс еді, алайда ЖОО жемқорлық мәселесінен олардың аппараттық жиналыстары маңызды болғанға ұқсайды", - дейді Елнұр Бейсенбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю