Парамен ұсталды делінген қаржы полициясы мен Ахметов ісінің арасындағы байланысқа түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парамен ұсталды делінген қаржы полициясы мен Ахметов ісінің арасындағы байланысқа түсінік берілді Иллюстрация © Теngrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі мен ұсталған қызметкерлері Мұрат Күшібаевтің арасындағы байланысты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 6 тамызда ақпараттық 7news.kz  порталында "Серік Ахметовті айыптаған қаржы полициясының өзі парамен ұсталды" деген мақала жарияланды, ол шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті жанындағы экономикалық зерттеу, жедел іздестіру тобының бұрынғы жетекшісі Күшібаевқа қатысты қылмыстық іс 2015 жылы 1 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігімен ҰҚКД мен СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бірлесіп жүргізген шара нәтижесі бойынша лауазымын асыра пайдаланды деген дерекпен қозғалды. Биыл 3 сәуірде бұл іс айыптау актісімен сотқа жіберілді.

8 маусымда Петропавл қалалық сотының үкімімен Күшібаев ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша екі жылға сотталды, сонымен қатар, ол бес жылға дейін мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды.

"06.08.2015 жылы ақпараттық агенттіктерде тараған бір апта бұрын Күшібаев пара алып ұсталды деген ақпарат қате. Сонымен қатар, мынаны айта кетейік, бұл қызметкер бұрынғы премьер-министрдің ісімен айналыспаған, себебі қылмыстық іс ҚР Агенттігінің Орталық аппаратында тексерілді", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети