14 қазан 2016 | 12:42

Париж қаласында Алматының 1 000 жылдығын мерекелеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almatymadeniet.kz © almatymadeniet.kz

Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Алматының мың жылдығын мерекелеу басталды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Алматының мың жылдығын мерекелеу басталды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек ЮНЕСКО-ның директорымен кездесу ұйымдастыруда. Ал, Алматыдан барған делегация үлкен концерт пен көрмеге дайын. Шет мемлекеттен келген туристер мен жергілікті француздар қазақтың төл өнеріне құмартуда. Олар көрмеге қойылған заттарға қызығушылық танытып, әсем Алматыны көруге ынтық.

Зәулім ғимаратта бірнеше көрме залы бар. Мұнда қара құрылық елдерінен келген қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған. Ал, "Миро" залында еліміздің жас суретшілері салған картиналар көрермен назарына ұсынылды.

"Біз Алматыдан 50-ге жуық картина алып келдік. Мұнда Қазақстандық балалар салған суреттерден бөлек, шет елдік жас өспірімдер бейнелеген картиналар бар. Олар Алматыға келіп, қаланың көрікті орындарын кенеп бетіне түсірген", - деді Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев.

Француздардың қызығушылығын тудырған осы киіз үй болды. Ішінде бірнеше лед-экран бар. Мониторлардан Алматының көрікті орындарын жазбай тануға болады.

Киіз үйден шыққан бойда алма бағына тап боласың, ұйымдастырушылар ақшаңқан үйдің алдына 25 алма ағашын егіп, оған мың жемісті іліпті. Ол - ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығын әспеттесе керек.

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі көрме 10-шы қазаннан бастап іске қосылған. Содан бері осы орынға ағылған туристердің санында шек болмапты. Шетелдік меймандар көрмеге қойылған заттарға қарап, Алматыға баруға ынтық екендерін айтты.

Көрмеге суреттерден бөлек, қазақ халқының музкалық аспаптары, зергерлік бұйымдары қойылған. Алаша мен текеметтің түр-түрі бар.

"Алматының мың жылдығын тойлау Астана уақыты бойынша, кешкі 10 жарымда басталады. Осыған қарамастан, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне келіп жатқан адам көп. Барлығы еліміздің өнерпаздары қоятын концертті көруге асық. Ескерте кетейік, көрме соңы еліміздің халық әртістерінің қатысуымен өтетін гала-концертке ұласады", - деді Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Сатыбалды Бұршақов. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети