Париж Олимпиадасы: Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж Олимпиадасы: Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар, Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети