Париж соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Париж қаласының соты Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S. компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан пайдасына шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Париж қаласының соты Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S. компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан пайдасына шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс бойынша шешім 12 қазанда шықты. Жәбірленуші соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті. Төрелік шешімге сәйкес Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеуі қажет.

Қазақстан Париж сотына Ташяпының талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, сот Ташяпыны Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

Автомобиль жолдары комитетінің Ташяпы арасындағы "Ақтөбе - Мақат" жолына құрылыс жүргізу туралы келісімшарттық қатынастар осы төрелік даудың мәні болды. Талап-арыз сомасы - 6,5 миллион АҚШ доллары. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының төрелік соты Ташяпының талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді. Төрелік соттың орны да Париж қаласы болған.

Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP заң фирмасы жалданған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro