Парижде Абай бюсті ашылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Парижде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай бюсті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Парижде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай бюсті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парижде ақын, композитор, ағартушы Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңына орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, жазушысы Александр Пушкин секілді тұлғалардың мүсіндері бар. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушы - ҚР Франциядағы елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды", - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Сурет: altay_kulginov_official 

Әкім Париж қаласының мэрі Анн Идалгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, қала басшылары бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, Астанада 30-дан аса француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құруға да байланысты", - деді ол.

Сурет: altay_kulginov_official

"Бірлескен жобалардың санын арттыратын боламыз. Осылайша, елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салуға келістік. Сондай-ақ, мұражайларды келесі жылы елордаға келуге шақырдық, бұл, сөзсіз, елордамыздың мәдени саласының дамуына өз үлесін қосады", - деп түйіндеді Көлгінов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro