Парламент депутаттары демалысқа шықты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент депутаттары демалысқа шықты © Тұрар Қазанғапов

Алтыншы сайланған Парламенттің IV сессиясында 83 заң қабылданған, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтыншы сайланған Парламенттің IV сессиясында 83 заң қабылданған, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Оның 82-сіне Мемлекет басшысы қол қойып, өз күшіне енген. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында сессия жұмысы қортындыланды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, төртінші сессия тарихы елеулі оқиғаларға толы болған. Жалпы бұл сессияның жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып, нақты тапсырмалар берген еді. Тұңғыш Президент қойған міндеттерді басшылыққа алған Парламент қыруар жұмыс атқарды. Сессия кезінде бес рет қос Палатаның бірлескен отырысы, 41 рет Мәжілістің жалпы отырысы өткен. Онда 319 маңызды мәселе қаралған. Алда атқарылатын істер де ауқымды. Каникул аяқталған соң Парламент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 бағытты басшылыққа алып жұмысты жалғастырады. Қазіргі таңда Мәжіліс қоржынында тағы 34 заң жобасы жатыр.

"Осы қабылданған әрбір заң ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық және әлеуметтік бастамаларын орындауға бағытталды. Әрбір заң сонымен бірге еліміздің дамуына, халқымыздың өмір сапасын жақсартуға серпін берді. Ең бастысы қабылданған құжаттар азаматтарды қолдауға және қорғауға арналды. Осының бәрі екі Палата депутаттарының бірлескен жұмысының нәтижесі деп санаймын. Осы орайда Сенат та, Мәжіліс те заң шығару жұмысына белсенді араласып, алған қойған бағыттар нәтижелі іске асырылды", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети