Сенат Салық кодексіне Интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салық енгізуді көздейтін түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат Салық кодексіне Интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салық енгізуді көздейтін түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Келесі жылдан бастап шетелдік интернет-компаниялар үшін қосымша құн салығы (ҚҚС) қолданылады. Яғни мысалы, Google үшін салық болады. Сондай-ақ, бөлшек сауда салығы, төлем қосымшалары үшін салық режимі болады. Бұл шаралар салық төлеушілердің салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған және бұл жұмыс Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізіледі", - деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин Сенат отырысында.
Сенатор Ольга Перепечина 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінде Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді ұсынатын шетелдік интернет-компанияларға ҚҚС төлеу және тіркеудің оңайлатылған тәртібі қарастырылғанын айтты.
"Компаниялардың ҚҚС төлеуін қамтамасыз ету мақсатында мыналар ұсынылады:
төлем жүйелерін пайдалана отырып, төлем және ақша аударымын алушы ретінде шетелдік компанияны сәйкестендіретін нышандардың бірегей жиынтығы – "IT-саудагер" түсінігін енгізу;
банктер мен төлем ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың "IT-саудагерді" пайдалана отырып, шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына жүргізген төлемдері мен аударым сомалары туралы ақпарат беру міндетін қамтамасыз ету", - деп түсіндірді Перепечина.
Оның айтуынша, интернет арқылы сатылатын тауарларға ҚҚС салу туралы жаңашылдық Австралия, Ұлыбритания, Франция сияқты дамыған елдер тәжірибесі негізінде қабылданған.
"Жалпы, цифрлық салықты енгізу қазақстандық және шетелдік компаниялардың бәсекелестік шарттарын теңестіруге көмектеседі", - деп түсіндірді сенатор өз қорытындысында.
Сенаторлар заңды қабылдады, ол ел Президентінің қарауына жіберіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!