05 мамыр 2021 | 13:40

Парламент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Сенат Мәжіліске шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын "Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп қайтарған болатын.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Олар түзетулерге қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға ғана жеке орман өсіру үшін жер беруге рұқсат ететін норманы енгізді. Сондықтан сенаторлар түзетілген құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.

Мәжіліс депутаттары жеке орман өсіруге арналған жерлерге қатысты Сенаттың түзетулеріне келісті.

"Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылар мен шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды", - делінген Мәжіліс қорытындысында.

Сондай-ақ, заң жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған және шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына қатысушылар құрамына кірген жағдайларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеліктен шығару мәселелері регламенттелген.

Заң жобасының мақсаты - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ қандастардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иеленуіне тыйым салу.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ елдің заңды тұлғалары ғана ие бола алады.

Еске салайық, жақында бес сенатор қатысқан жер комиссиясы өз жұмысын аяқтаған болатын. Комиссия отырысы барысында осы саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар айтты. Ұсыныстарды ескере отырып, Үкімет қазіргі уақытта жер пайдалану саласында заңнамалық түзетулер топтамасын әзірлеп жатыр. Соңғы отырыста қазақстандықтар үшін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мораторийді бес жылға ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети