10 сәуір 2014 | 10:46

Парламент Монреаль хаттамасына енгізілген түзетулерді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Парламенті "Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетудi ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Парламенті "Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзетудi ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жердің озон қабатын қорғау мақсатын көздейтін Монреаль хаттамасы 1987 жылы қабылданған болатын. Ал Қазақстан Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылды. Кейіннен, Хаттама аясындағы Бейжің түзетуі 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Онда Монреаль хаттамасына мүше емес кез келген мемлекетке гидро-хлор-фтор-көмiртектi экспорттауға немесе импорттауға тыйым салу белгiленедi. Хаттамаға мүше мемлекеттер гидро-хлор-фтор-көмiртегi өндiрiсiн реттеудiң қосымша шаралары енгiзіледi. Яғни, құжатта тұрмыстық, өнеркәсіп, коммерциялық және көлік секторларында салқындату және ауа баптау жүйелерін толтыруға арналған хладенгтер, сонымен қатар, көбік материалдары секторына арналған реагенттер ретінде пайдаланатын көмірсутегілерін Хаттаманы қабылдамаған мемлекеттерге сатпау немесе олардан сатып алуға тыйым салу қарастырылады. Тоқтала кететін жайт, осы Бейжің Түзетуін Еуропалық одақты, Орталық Азия өңірін және Латын Америкасын, АҚШ, Канада мен Ресейді қоса алғанда 190-нан астам ел қабылдаған.

"Осы тұрғыдан алғанда Кеден Одағы елдерінің ішінде Қазақстан ғана Бейжің Түзетуін қабылдамаған болып отыр. Мұның өзі Бейжің түзетулерін Қазақстан қабылдамаған жағдайда, Қазақстанға бірқатар шектеулер енгізілетінін білдіреді", - дейді Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. Оның айтуынша, құжатты ратификациялау кезiнде Қазақстанға 2015-2017 жылдар аралығында Ғаламдық экологиялық қор тарапынан қаржылық және техникалық қолдау көрсетiлетiн болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети