Парламент Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа нұсқасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа нұсқасын мақұлдады ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Қылмыстық-процестік кодекстің жобасын мақұлдады. Бұған дейін оған Сенат өз түзетулерін енгізген болатын. Енді аталған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Қылмыстық-процестік кодекстің жобасын мақұлдады. Бұған дейін оған Сенат өз түзетулерін енгізген болатын. Енді аталған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кодекс жобасы қылмыстарды тергеу процесін оңайлату мен жеделдетуге бағытталады. Бұл ретте қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сот төрелігін іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру көзделеді. Бұдан бөлек, Кодексте қылмыстық процеске тергеу судьясы мен процесс прокуроры секілді фигуралар енгізіледі. Бұл ретте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын барлық тергеу әрекеттері тергеу судьясы мен процесс прокурорының санкциясымен ғана жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қылмыстық процеске келісім институты енгізілетін болады. Ол кінәні мойындау туралы мәмілені, ынтымақтастық туралы келісімді жүргізеді. Бұл ретте мәміле нысаны онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша күдікті немесе айыпталушы келтірілген айыптаулармен келіскен жағдайда жүзеге асса, ынтымақтастық келісімі барлық санаттағы қылмыстар бойынша қылмыстарды ашуға және тергеуге көмектескен кезінде жүргізіледі.

Ал сенаторлар енгізген өзгертулердің басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатына ие. "Сенат енгізген өзгерістер, негізінен, Елбасының соңғы уақыттағы Жарлығына сәйкес. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылған еді. Өзгерістер осыған қатысты", - деді заң жобасы бойынша баяндаған Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети